9.03.2021, 9:45
Қараулар: 54
Балыққа ауа жіберді

Балыққа ауа жіберді

Бәйтерек ауданына қарасты Көшім ауылдық округінің жоғары сынып оқушылары экологиялық акция ұйымдастырды.

Үлкен-Шаған мектебінің жоғары сынып оқушылары аумақтық әкімшілік инспекторымен және жергілікті әкімшілік қызметкерлерімен бірге қыс мезгілінде қалың мұз басқан Шаған өзенінің бетіне ойықтар жасап, балыққа су жіберді.

-Қыз мезгілінде аудан аймағында оналасқан өзен-көлдердің бетін мұз басуы балықтардың тұншығуына әкеліп соғады. Сол себепті оқушылармен бірігіп экологиялық шара ұйымдастыруды ұйғардық. Жасөспірімдерді азаматтылық пен отансүйгіштікке тәрбиелеу, қоршаған ортаға деген көз қарасын өзгерту мақсатында оздырылған шараға қатысқан оқушылар жұмысты үлкен жауапекершілікпен атқарды. Осы ретте Үлкен-Шаған мектебінің эколог маманы Светалана Владимировнаға және барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз,-дейді Көшім ауылдық округінің әкімі Айнагүл Баянова.

Аружан АМАНЖОЛ,

Бәйтерек ауданы