29.12.2021, 13:11
Қараулар: 28
Боран салдары жойылуда

Боран салдары жойылуда

Желтоқсан айының соңында қыс қахарына мініп, айдың соңғы демалысы түтеген боранға ұласты. Бірнеше бағыттағы автожолдар жабылып, облыс орталығы мен аудандарда жарықтың өшуі де орын алды

Бәйтерек ауданы да түтек астында қалды. Сенбі кеште басталып, жексенбі күні күшее түскен боран салдарын жою жұмыстары жел тоқтап, түтек саябырсыған бойда басталды. Аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Данияр Кушубаев берген мәліметке сенсек, қазіргі таңда ауданның барлық ауылдық округіне кірер жолдар түгелдей тазартылған. Сонымен қатар ауылішілік жолдарды аршу жұмыстары да жүргізілуде екен.

-Қыс басталғалы осы демалыс күніндегідей қатты боран соға қоймаған еді. Ай соңы коммуналдық қызмет саласын аздаған әбігерге салды. Десе де біз ауа райының мұндай ашуына дайын екенімізді көрсете алдық,-дейді аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Данияр Кушубаев.

Аудан және ауыл жолдарын тазалауға «Коммунальник» мекемесі мен «Бәйтерек жол құрылыс» ЖШС-нің техникасы жұмылдырылған. ауданнның әр аймағында жүрген техника жолдағы қарды аршып, кей жерлерді кеңейтуде екен. Бұл ақпаратты да біз аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінен алдық.

 

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz