29.06.2021, 15:02
Қараулар: 20
Бос жұмыс орындарының жәрменкесі өтті

Бос жұмыс орындарының жәрменкесі өтті

Бәйтерек аудандық жұмыспен қамту орталығы мен жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық ұйымдастырған бос жұмыс орындарының жәрменкесіне көптеген адам жиналды.

Аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы Алексей Герасимовтың айтуынша, жыл басынан бері орталыққа жұмысқа орналасуға жәрдемдесуді сұрап, 1195 адам жүгініпті. Олардың 747-сі жұмыссыз ретінде тіркелген. Жалпы орталық директорының берген мәліметіне сенсек, бүгінде аудандағы жұмыссыздың деңгейі 2,3 пайызды құрайды екен.

-Жалпы 605 адамға жұмысқа орналасуға жәрдемдестік. Олардың  ішінде 335 адам уақытша жұмыс орналасты. Тұрақты бос жұмыс орындарына сұрап,199 адам жолықты. Бұл категориядағы азаматтардың 97-сі мемлекеттік секторға, 47-сі жекеге, тағы 55 тұрғын ауданда іске асырылатын жобаларға жолданды,-дейді жұмыспен қамту орталығының директоры А.Герасимов.

Бұдан бөлек жұмыспен қамту орталығы 6 шартты мерзімге сотталғанды, екі мүмкінлдігі шектеуілі азаматты, екі аз қамтылған мен 30 жасты жұмыспен қамтығанын А.Герасимов өз сөзінде атап өтті.

Жәрмеңкеде барлығы 58 бос жұмыс орны ұсынылды.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы