3.02.2021, 11:22
Қараулар: 115
«Браконьер» жедел профилактикалық шарасы аяқталды

«Браконьер» жедел профилактикалық шарасы аяқталды

18 қаңтар – 1 ақпан аралығында Бәйтерек ауданында «Браконьер» жедел профилактикалық іс-шарасы жүргізілді.

Жедел профилактикалық шара барысында аудан аумағында орман ағаштарын кесу, ұрлау, заңсыз аң аулау, су жануарларын аулау, биологиялық ресурстарды тасымалдау фактілерін анықтау, осы санаттағы қылмыстарды алдын алу және қызыл кітапқа енген жануарларды атуға немесе аулауға тыйым салынғандығы жайында да түсіндірме жұмыстар жүргізілгеннін айтады полицейлер.

Алдын-алу жұмыстары кезінде шараның тиімділігін арттыру үшін арнайы жоспар бекітіліп, жедел-іздеу топтары құрылған. Олар заңсыз аң аулап жүрген азаматтарды анықтап, тәртіпке шақырған. Бірнеше аптаға созылған профилактикалық шара нәтижесінде ҚР ӘҚБтК-нің 382 бабы, яғни «Жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзу» бойынша 5 тұлғаға әкішілік хаттамалар толтырылыпты. Сондай-ақ «Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, біреуге беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруі, тасымалдауы» яғни ҚР ӘҚБтК-нің 482 бабына сәйкес Егіндібұлақ ауылының тұрғыны «В» есімді азамат қолға түскен. Ол екі аңшы мылтығын заңсыз тасымалдап, сақтаған. Бүгінде мылтық пен оқтары тәркіленіп, азамат үстінен хаттама толтырылыпты. Ал іс сотқа жолданған. Бұл мәліметті бізге полиция майоры Азамат Кенжеғалиұлы берді. Оның айтуынша, профилактикалық шара барысында қолға түскен азаматтар аудандық сот шешімін күтуде екен.

Аружан АМАНЖОЛ,

Бәйтерек ауданы