6.09.2021, 15:07
Қараулар: 37
Бірлікті нығайтып, білімді шыңдау керек

Бірлікті нығайтып, білімді шыңдау керек

«Жер қойнауы – ұлттың байлығы. Оны пайдалануға беруді оңаша кабинеттерде «бармақ басты, көз қыстымен» шешу заңсыз деп танылуға тиіс» Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауынан

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында өзінің кезектегі жолдауын жариялады. Жолдаудың басым бөлігі дағдарыстан кейінгі кезеңдегі экономикалық және халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге арналды.

Президент жолдауында жоғары оқу орындарында жастардың салауатты өмір салты мен шығармашылығына ерекше көңіл бөлу керектігін айтты. Сонымен қатар ауылдық жерде, облыстарда спорт кешендерін, балалар үйірмелерін ашуға тапсырма берді.

Көпшіліктің көңілінен Қасым-Жомарт Кемелұлының «Жас ғалымдарды» қолдау мақсатында қосымша 1000 грант бөлуді тапсырғаны ұнағаны жасырын емес.Бұл бастама ғылымның дамуына үлес қосатыны қуантады.

Ауыл әкімдерін сайлау арқылы анықтайтын кездің де келіп жеткенін айтқан мемлекет басшысының қоғамда көптен бері талқыланып жатқан жеріміздің шетелдіктерге сатылмайтыны да қолдау табары сөзсіз.

Тұрғын үй мәселесін шешу жолдарын айта келе Президент жұмыс жасап жүрген азаматтар мен азаматшалар зейнетақы қорында жиналған қаржының бөлігін қолдана алатындығын, бүгінгі таңда көп балалы аналарға, мүгедектерге арендалық үй салуды көбейту туралы тапсырмасы да біраз мәселенің шешімі боларсы анық.

Біздің алдымызда Жолдауда көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру жолында аянбай еңбек ету тұр. Сонымен қатар «Қазақстанның басты байлығы — еліміздің амандығы» деген Президент ең төменгі жалақы мөлшерін 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап 42 500 теңгеден 60000 теңгеге өсіруді тапсырды. Ел Президенті өз жолдауын ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының: «Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек»,- деген даналық сөзімен аяқтады. Бұны жастар бірлігімізді нығайтып, біліміміз ұлғайту деп түсінуіміз керек.

Ұлданай Сейітқалиева

Бәйтерек ауданы мәслихатының депутаты