10.01.2022, 9:42
Қараулар: 15
Бүлікті тоқтатып, бірлікке бет бұрар шақ келді

Бүлікті тоқтатып, бірлікке бет бұрар шақ келді

Президент үндеуін тыңдадым. Осындай шақта дәл сондай батыл шешімдер керек-ақ. Өйткені басты байлығымыз – тәуелсіздікті соңына дейін қорғауымыз керек. Қазір ел ішіне сырттан әскер кіргізді. Ол жасақ халықты аямайды деген сынды әңгіме өріп жүр. Бұның да жауабын Президентіміз өз үндеуінде беріп өтті. Сырттан келген әскер тек стратегиялық маңызы бар орындарды қорғайтын болады.

Ел тәуелсіздігі сынарлар осындай шақта Қасым-Жомарт Кемелұлының жанына бірігіп, ауызбіршілік танытуымыз керек. Білместікпен өзгеге еріп, мақсаты түсініксіз бүлікшілердің жалған ұранына сенген көпшілік елдің мазасын қашырды. Енді оның зардабын қарапайым халық көріп отыр. Ел сырттағыға емес, артымыздан ерген ұрпаққа керек. Болашақты ойласақ, бүлікті тоқтатып, бірлікке бет бұрған дұрыс.

Мәлік Өтешев,
Бәйтерек аудандық қоғамдық кеңес төрағасы