23.07.2021, 9:23
Қараулар: 132
Бұл оқиға болашақ үшін қауіпті

Бұл оқиға болашақ үшін қауіпті

Жағажайда жалаңаш билеп, Жайық жұртын масқаралаған оқиға қоғамға үлкен реніш тудырды. Рұқсаты жоқ мекеменің пандемия кезінде адам жинап «ұятсыз» шара ұйымдастыруы және жастарды арам пиғылдарына пайдалануы өрескел заң бұзушылық деп санаймын.

Ұлтымыздың дәстүріне жат, салтына қайшы әрекеттің енді қайталанбауы үшін әр ата-ана өз баласының тәрбиесімен жіті айналысып, жауапкершілік танытуы керек.

Осындай қоғамға іріткі салатын, елді ұятқа қалдыратын оқиғалардың орын алуы болашақ үшін өте қауіпті. Ертең басқа жағажайда қайталанбауына ешкім кепілдік бермесі анық. Сондықтан жерді жеке меншігім деп аумағына адам жуытпайтын кәсіп иелерінің бәріне ортақ талап қойылуы тиіс. Олардың әрекеттері уақтылы тексеріліп, бақыланып отырсын. Сонда ғана келеңсіз жадғайлардың алдын алуға болады.

Ғалымжан Мендалиев,

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы