25.02.2021, 14:45
Қараулар: 89
Бәйтерек құтқарушыларының жедел әрекетінің арқасында бір адам аман қалды

Бәйтерек құтқарушыларының жедел әрекетінің арқасында бір адам аман қалды

24 ақпан күні сағат 17:20-да Бәйтерек ауданының ТЖБ-не аудандық орталық ауруханасынан хабарласып, ауа райының қолайсыздығына байланысты ауыр жағдайдаға тап болған Шалғай ауылының тұрғынын ауруханаға жеткізуге мүмкін болмай жатқандығын айтқан.

Хабарласқан дәрігерлер науқасты тез арада ауруханаға жеткізбесе, арты ауыр болу мүмкін екенін де ескертіпті. Осы ретте төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Талғат Бекмұханов 1953 жылы туған М. есімді азаматты жедел эвакуациялау туралы шешім қабылдайды.

Осылайша төтеншеліктердің жедел іс-әрекетінің арқасында науқас БҚО ТЖД Трэкол арнайы техникасының көмегімен науқас аудан орталығына жеткізілген.

-Төтеншеліктердің көмегімен ауруханаға жеткізілген науқастың қазіргі жағдайы орташа деуге болады. Барлық қажетті ем-домын алды. Енді ол кісі ем алатын болады,-дейді аудандық орталық аурухаға директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Майра Жангалиева.

Түгелбай БИСЕН,

Бәйтерек ауданы