11.03.2021, 10:20
Қараулар: 60
Волонтер темір жолшы

Волонтер темір жолшы

Өткен жылы «ҚТЖ ҰК» АҚ волонтер жылын қолдау мақсатында «2020 қайырымды іс» бағдарламасын қабылдап, 5000-ға жуық мұқтаж отбасыға көмек көрсеткен.

Сондай-ақ ҚТЖ еріктілер қозғалысының энтузиастары соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне көмек көрсету мақсатында «Жеңіс» республикалық әлеуметтік-қайырымдылық жобасына да белсенді қатысты. Бұл игі іс шеңберінде 500-ден астам ерікті еліміздің 35 қаласы мен ауданында екі мыңға жуық рейд жүргізген. «Samruk-Kazyna Trust» қоры мен «Қазақстан Темір Жолы» АҚ-ның бірлескен «Жеңіс» жобасының Бәйтерек ауданындағы координаторы – Желаев темір жол стансасының инженер-технологі Переметный ауылының тумасы Ерлан Кужумов. Ол өткен жылдың мамыр айынан күні бүгінге дейін Переметный, Белес, Зеленый, Егіндібұлақ, Ақжол және Алмалы ауылдарына 160-тан астам волонтерлық рейд жасап, ардагерлерге көмек қолын созған. Сонымен қатар жаз айларында Белес, Переметный ауылдарында тұратын тыл ардагерлерінің ауласын тазалап беруге ықпал еткен. Екі мәрте Переметныйдағы «Бәйтерек» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болып, ол жерге азық-түлік алып берген. Зеленый, Белес, Переметный елді мекендерінде ғұмыр кешіп жатқан қарияларға қысқатолқынды пеш сыйлапты. Биыл 99 жасқа келген ҰОС ардагері Макар Дорошенконың мерейтойына арнайы келіп, ардагерге құрмет көрсеткен.

Елде қалыптасқан жағдайға байланысты Ерлан Кужумов өз қайырымдылық шараларын санитарлық талаптарды қатаң сақтаумен өткізеді екен.

Ерлан Переметный ауылындағы орта мектепті аяқтаған соң РФ Самара қаласындағы мемлекеттік жол және қатынас университетіне оқуға түседі. Жоғары оқу орнын ойдағыдай аяқтап, өңірімізде еңбек жолын бастайды. Айтуынша, волонтерлыққа студент кезінен жақын болған. Бірақ Ресей жақтағы еріктілер қозғалысы біздің елдегіден өзгеше екен. Өйткені көрші ел волонтерларының жұмысы көбіне қоғамдық жұмыстарға және белгілі бір аумақты тазалауға бағытталған болса, қазақ елінің еріктілері аға буын өкілдеріне көмек көрсетуге бейім көрінеді.

-Өткен жылы «Жеңіс» республикалық әлеуметтік-қайырымдылық жобасы басталды. Оған қатысқан еліміздің жас темір жолшылары соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне көмек көрсетті. Өз басым Бәйтерек ауданының координаторы болғаныма қуаныштымын. Өйткені бұл – менің туған жерім. Ата-анам, туған-туыстарымның барлығы осы елде тұрады.

Кіндік қаным тамған жерге түйнектей болса да пайдамды тигізіп жатқаным қуантады,-дейді Ерлан.

Осы кезге дейін біраз ардагерге қуаныш сыйлаған волонтер әрқайсысына қажетіне қарай дәрі-дәрмектен бастап тұрмыстық техникаға дейін алып беруге ықпал еткен. Ерлан ауданның барлық тыл еңбеккерлері мен соғыс ардагерлеріне барып, көмек көрсетуді алдына мақсат етіп қойғанын жасырмайды. Ол үшін қаражат та жеткілікті және мүмкіндік те бар көрінеді.

-Өткен жылы Зеленый және Железнов ауылына барар жол жөнделді. Бұл да біздің жұмысымызды жеңілдетеді. Ауданымыздың біраз елді мекені тыл игеру кезінде құрылғандықтан, елде тың және тыңайған жерлерді игеруге келіп, тұр%D