16.08.2021, 16:38
Қараулар: 40
Дариянда жаңа имам

Дариянда жаңа имам

Дариян ауылдық мешітінде ҚМДБ БҚО бойынша өкілдігі бас имамының орынбасары Наурыз Убаев келіп, ауыл жамағатымен кездесті.

Отырыс барысында аудан, ауылдағы діни ахуал талқыланып, жаңа бастамалар мен болашақ жоспар сараланды.

Сонымен қатар ауыл жамағатына жаңадан сайланған ауыл имамы Халықбек Сыдықов Қыдырғалиұлын таныстырды. Ал осы уақытқа дейін Дариян ауылдық мешітінің имамы қызметін атқарған Азамат Абдрахмановқа БҚО ҚМДБ бойынша бас имамы Бақытжан Құралбайұлының атынан алғыс хат пен бағалы сыйлық табыстады. Сондай-ақ ауыл ақсақалы Асылбек Сұлтанғалиев, аудандық «Жұбан молда» мешітінің бас имамы Бейімбет Дүйсенәлі жаңадан сайланған ауыл имамы Халықбек Сыдықовтың жұмысына сәттілік тіледі.

Халықбек Қыдырғалиұлы Сыдықов 1971 жылы 3 қарашада Қаратөбе ауданы,Сұлукөл ауылында дүниеге келген.

-Білімі – орта.

— 1990 — 1992 жылдары әскери борышын атқарған.

— 1993 – 2001 жылдар аралағында құрылыс саласында жұмыс атқарған.

— 2000 – 2003 жылдарда қалалық мешіт жанындағы сауат ашу курсында білім алған.

2003 – 2005 жылдар арасында Теректі ауданы, Покатиловка ауылдық мешітте имам қызметін атқарған.

2005 – 2007 жылдар аралығында қалалық мешітте наиб имам .

2007 жылы 13 желтоқсаннан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының № 555 бұйрығымен Теректі ауданы,Полстепное ауылында имам .

2012 жылы 15 тамызда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының №742 бұйрығымен Теректі аудандық мұсылмандар мешітінде бас имам.

2013 жылы 8 қаңтардан бастап 30 наурызға дейін Алматы қаласындағы ҚМДБ жанындағы ҚР имамдарының білімін жетілдіру Ислам институтының 4 айлық курсын тәмамдаған.

2014 жылы 1 қыркүйектен 23 қазанға дейін екі айлық курсынан өткен.

2017 жылдың 9 қаңтарынан БҚО ,Теректі ауданы,Подстепное ауылының имамы.

2021 жылдың 13 тамызынан бастап Дариян ауылдық мешітінің имамы.

Гүлжан Аязбаева,

Бәйтерек ауданы