8.04.2021, 9:20
Қараулар: 34
Екпе алғандай не айтады

Екпе алғандай не айтады

Індетке қарсы тұрудың жалғыз амалы екпе алу болып отыр. алғашында егілгісі келгендер аз болғанымен күн сайын вакциналансам деген жандар көбейіп келеді. Оны аудандағы екі аурухананың қызметкерлері растап отыр.

Осы орайда коивд-19-ға қарсы екпе алғандардың пікірін алып, жағдайларын білдік. Назарларыңызға «Спутник V» екпесін салдырған жандардың пікірлерін ұсынамыз.

Мен екпе алмас бұрын Спутник V дозасы жөнінде жан-жақты зерделеп, газет-журналдар мен теледидардан жаппай егу жайындағы ақпаратқа қанықтым.Вакцинаның жақсы екеніне әбден көзім жеткен соң алуға бел будым. Бірінші рет аларда аздап қорқыныш болғанын да жасырмаймын. Бірақ дәрігерлердің кеңесінен кейін ол қорқынышым сейілді. Аурудан құтылудың қазіргі жалғыз жолы вакцина алу болып отыр. Сол себепті барша жерлестерімді екпе алуға шақырамын. Бірінші вакцина алғаннан кейін жағдайым жақсы болды. Жанама әсерін оңай өткердім десем де болады.

Людмила Романюк

Чиров негізгі мектебінің директоры

 

Екпе салдыру туралы хабарламаны естігеннен кейінкөп ойланбастан,мені тізімге қосуын сұрадым.Өйткенібұл – дерттің алдын алу үшін өте қажетті қадам.Бүгінге дейін отбасымда ешкім бұл ауруға шалдықпады.Қазір де екпеге деген сенімім мол.Өзім үшін ғана емес,жақындарым үшін де бұл өте маңызды шешім.Осымен екінші рет екпе салдырдым, ешқандай үрей-қорқыныш жоқ. Бірінші рет салдырғанда да өзімді жақсы сезіндім,дене қызуы болған жоқ.Ауылдастарыма,достарыма айтайын дегенім,өз денсаулықтарыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін екпе салдыру керек.

Андрей Подобедов

Дариян ауылының тұрғыны.

Жаппай вакцинациялау кезеңі басталған шақта алғашқылардың бірі болып, екі компонентті «Спутник V» екпесін алдым. Бұл – өзімнің,

отбасымның және жақындарымның денсаулығына қауіп төнбеуі үшін жасалған шара. Қазіргі таңда вакцинаның қос компонентін де алдым. Ешқандай қауырт әсерсіз жеңіл түрде қабылдадым. Алдағы уақытта індеттен толығымен құтылып, қалыпты өмірімізге оралатынымызға сенемін.

Бақытты Ақдонова

Қасым Аманжолов атындағы мектеп ұстазы

Мұғалім болған соң күн сайын біраз оқушы және әріптестермен қарым-қатынасқа түсемін. Отбасымның, өзімнің және оқушыларымның қауіпсіздігі үшін коронавирусқа қарсы вакцина алуға шешім қабылдадым. Жаңа вакцина болғандықтан, әуелі қорқыныш болғанын жасырмаймын. Сондықтан бұл вакцина туралы түрлі мәліметтер қарап шықтым, менен бұрын егілген әріптестеріммен кеңесіп, олардың жағдайын бақыладым. Сонан соң нақты шешім қабылдап, егілдім.

Егілуден бұрын дәрігерлік кеңестен өттім. Ол жерден мазалайтын сұрақтардың жауабын алып, вакцинадан кейін қандай жағдайлар болу мүмкін екенін және ол кезде не істеу керектігінен толық хабардар болып шықтым. Егілген күні кеште сәл әлсіздік сезіндім. Екінші күні 39 градусқа дейін қызу көтерілді, ол дәрінің көмегімен тез басылды, басқа ауру белгілері болған жоқ. Үшінші күні жағдайым жақсарып, бұрынғы қалпыма келдім. Коронавирус індетін жеңудің бірден-бір жолы – вакцина алу деп есептеймін.

Альбина Суханова

Қ.Аманжолов атындағы мектеп мұғалімі

Аурудың алдын алудың жолы екпе болып отыр. Бүгінде вакцинаның екі компонентін де алдым. Алғашында дәрігерлер екпеден кейін аздап қызу көтеріліп, шаршаңқылық болуы мүмкін екенін ескертті. Аздап қызулағаным болмаса, екпені жеңіл өткердім.

Індет тарала бастаған шақта жұмыс барысымен блок бекеттерде тұрдым. Ауру туралы, оның бетін қалай қайтару керектігі жайында да көп ақпараттар оқып шықтым. Жалпы эпидемиологиялық заңдылықтар бойынша ауру қайту үшін сауығып шыққандар мен екпе алғандар елдегі адам санының 60 пайызын құрауы керек екен. Қазір екпе алушылар саны артуда, бұйырса бұл індеттен де құтыламыз деген сенімдемін.

Серік Карлибаев

Бәйтерек АПБ КПб Жедел уәкіл