9.06.2021, 16:42
Қараулар: 9
Екпе алғандар сыйлыққа ие болады

Екпе алғандар сыйлыққа ие болады

Бәйтерек ауданындық ауруханасы Covid-19 вирусына қарсы екпе алғандардың арасында «Вакцина алда, жүлде ұтып ал»атты лоторея ұйымдастыруда.

Лотореяға маусым айында вакцина алған кез-келген аудан азаматы қатыса алады. Тұрғындарға екпе салдырғаннан кейін реттік нөмір беріледі. Сол сан бойынша олар лотореяға қатыса алады. Ай соңында теркелген барлық қатысушы арнайы шақырылып арнайы талон суыру арқылы жүлде қорындарға ұтыстарға ие бола алады.

-Лоторея жеңімпаздарына денсаулыққа пайдалы медициналық құралдар ұсынылып отыр. Олар қысым өлшейтін тонеметр, жүрек соғысын қадағалап отыратын смарт сағаттар, қан қысымын өлшейтін глюкзаметрлер, небулойзерлар, мобильді медециналық қобдишалар және тағы да басқа сыйлықтарымыз бар. Аталмыш лоторея халықтың көңілін аулап, вакцина алуға шақыру мақсатында жүзеге асуда, — дейді аудандық арухананың эпидимиологі Әсем Әлібиқызы.

ДӘрігерлер вакцина алам деушілер екпені күнделікті 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс жасайтын аудандық аурухананың 57 бөлмесінде және де кез-келген ауылдық абмулаториялар мен медпунктерде ала алатынын айтады. Қолда бар мәліметке сенсек, қазір ауданның 3480 азамат вакцинаның бірінші компонентімен егілген болса, 1898 тұрғын екінші екпені алып үлгерген. Әлі вакцина алмаған 13 мыңға жуық тұрғын бар екен.

Аружан АМАНЖОЛ,

Бәйтерек ауданы