27.08.2021, 11:27
Қараулар: 23
Ең негізгі құқық көзі –Ата заң

Ең негізгі құқық көзі –Ата заң

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекесіне орай Бәйтерек аудандық орталық балалар кітапханасы «Ең негізгі құқық көзі – Заң» атты ақпарат сағат ұйымдастырды. Аудан орталығындағы «Street workout» алаңында өткізілген шара ойын балаларының үлкен қызығушылығын тудырды.

Шара барысында Ата Заңның бөлімдеріне тоқталған кітапханашылар II бөлім яғни «Адам және азамат» және конституцияның 27 бабындағы балаларға қамқорлық жасау, тәрбиелеу ата-ананың құқығы әрі парызы туралы толық түсініктеме беріп өтті. Сондай-ақ ашық аспан астындағы кездесу барысында кітапхана қызметкері Аягүл Козинова ақпарат векториналық сұрақтар қойып, тәрбиелеік шараның сәнін кіргізді. Ойын барысында Динара Нұртас, Гүлбибі Марат сияқты бүлдіршіндер белсенділік танытты.

Шара соңында «Арқа сүйер –Ата Заң» атты кітап көрмесі таныстырылып, кітаптар ұсынылды.

-Қоғамның бүгіні мен болашағы үшін Қазақстан Республикасының Ата Заңын құрметтеп, қадір тұтатын балалар өсіп келе жатқаны байқалды. ЕНліміздегі басқа да мерекелік даталарға орай көптеген қызықты шаралар жоспарлап отырмыз,-дейді орталық балалар кітапханасының меңгерушісі Зәуреш Шайдоллақызы.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы