9.08.2021, 15:55
Қараулар: 46
Жаңа шаштараз ашты

Жаңа шаштараз ашты

Пандемия салдарынан біраз мекеме жұмысы тоқтап қалып жатыр. Әсіресе тойханалар көп зардап шегуде. Осы кезге дейін үкімет біраз көмек көрсетті. Тіпті кәсіп бастаймын деген азаматтарға да мемлекет қолдауын аямады.

Бизнс бастаймын, табысты боламын деген жандарға қашықтан болса да оқу оқытып, білімдерін толықтырды. Кәсіпкерлік курстарын онлайн оқыған азаматтардың бірі Үлкен Шаған ауылында тұратын Ольга Давыдова.

Ол нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында, 200 АЕК көлемінде қайтарымсыз грант жеңіп ады. Бұрыннан іс бастауды ойлағынымен оған қаражат жетіспеушілігі қол байлау болып жүрген еді. Бүгінде Олга Александровна үкімет берген гранд қаржысына өз жинағын қосып, қажетті құрал-саймандарын алды.

Қазіргі таңда Үлкен Шаған ауылынан ашылған шаштаразға келушілер көп. Ауыл тұрғындары да Ольга Давыдоваға разы.

Арал Болпышұлы,

Бәйтерек ауданы