18.03.2021, 10:32
Қараулар: 58
Жедел штаб шақырылды

Жедел штаб шақырылды

Елімізде қалыптасқан санитарлық ахуал нәтижесінде Батыс Қазақстан облысы «Қызыл» аймаққа енді. Сәйкесінше өңірде шектеу шараларын күшейткен қаулы қабылданды. Осы орайда ауданда жедел штаб шақырылып, шұғыл қабылдануы тиіс шаралар талқыланды. Аудан әкімі Марат Тоқжанов қалыптасқан ахуалды мейлінше жеңіл өткеру үшін барлық жауапты тараптарды пандемиямен күресте белсенділік танытуға шақырды.

Мейрамдардан кейін күрт өсіп отырған ауру көрсеткішін тежеудің жалғыз жолы әр адамдардың жеке жауапкершілігін міндеттеу. Қабылданған шектеу талаптарын бұзған тұлғаларға заң аясында жаза қолданылуы шарт. Мониторингтік топ жұмысын да қайта ширата түсу қажет. Штаб отырысында аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Аят Үмбеталиев баяндама жасады.

Оның айтуынша, жыл басынан ауданда 626 жағдай тіркелген. Оның 432-і симптомды болса, 194 симптомсыз. Басқарма мамандары карантин режиміндегі адамдардың үйлеріне барып, жеке бақылауға алған.

Қазір ауырып жатқандар саны – 70 (52 симптомды, 18 симптомсыз) үй карантинінде жатқандар саны – 43, ауруханада жатқандар саны – 27 оның ішінде: аудандақ ауруханада – 9 адам, облыстық инфекциялық ауруханада – 12 адам, облыстық көпбейінді ауруханада – 6 адам.

Жыл басынан бері жазылып шыққандар саны 533 адам жетіпті. (стационарлардан – 168, амбулаторлық емдеуден – 365). Қайтыс болғандар 10 адам. Тек соңғы тәулікте ауданда 17 жаңа жағдай тіркелген.

Биылдың өзінде санитариялық талапты бұзған төқрт адам анықталып, хаттама толтырылған.

Қазіргі уақытта ауданда шектеу шаралары қайта енгізілді. Штаб отырысында халыққа вирусқа қарсы екпе алудың тиімділігін түсіндіру ұсынылды. Өзге де мәселелер пысықталған соң аудан басшысы жауапты органдарға нақты тапсырмалар беріп, жағдайды ұдайы бақылауда ұстайтынын жеткізді.

Өз тілшіміз