18.03.2021, 10:29
Қараулар: 69
Жемқорлық –індет, жою-міндет

Жемқорлық –індет, жою-міндет

Сыбайлас жемқорлық –заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі болып отыр. Ешбір ел сақтана алмайтын нағыз жаһандық проблемаға айналды.

Ел болып еңсемізді көтергенімізге, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылғанымызға 30 жыл болады. Алайда, Кеңестік дәуірден бастау алған, жең ұшынан жалғасын табатын, көз қысты, бармақ басты әдеті әлі болса қылаң беріп келеді. Бұл дерт еліміздің дамуына, экономиканың өркендеп өсуіне өрескел кедергі келтіретіні даусыз.

Өткен жылғы Мемлекет басшысының халыққа арнаған жолдауындағы басым бағыттарының бірі осы сыбайлас жемқорлықпен күресу болды. Оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа бейім салалар атап өтіліп, соған байланысты 2021 жыл ішінде кәсіпкерлік қызметке мемлекеттік құрылымдардың заңсыз араласуын, бизнесмендердің жұмысына кедергі келтіруді болдырмайтын шағын орта бизнес қызметінің жаңа нормативтік-құқықтық базасын әзірлеуді тапсырған болатын. Сонымен қатар, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың қоғамға ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз етуге арналған «Қоғамдық бақылау туралы» заңын әзірлеу және қабылдау тапсырылды.

Бұл дерт дәрі беріп емдейтін сырқат емес. Айыналасындағы салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігін тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемелекеттік органдардың, ұйымдардың, жеке кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеуіміз керек. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қостынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық.

Егер де біз, әділ жолды таңдап, жемқорлықтан жоғары тұрған жағдайда ғана халық сеніміне ие боламыз. Жемқорлықтың пайда болуы қоғамдағы рухани байлықтың құнсызданып, материалдық құндылықтың алдыңғы сатыға шығуының салдары деп білемін. Рухани тұрғыдан бай адам, жемқорлықтай лас істерден жанын таза ұстайды. Біздің қоғам ақниетті, адал, намысы биік азаматтарды қажет етеді. Жастарды мақала оқып, мемлекеттік мекемелердің ғимаратында орналасқан сыбайлас жемқорлықа қарсы үгіт-насихат парақтарымен танысып, мемлекет ісіне араласып, жан-жақты болуға шақырамын!!!

Бәйтерек ауданаралық Әділет басқармасының бас маманы

«Қазақстан Заңгерлер одағы» РҚБ мүшесі

Кужагалиева Айкерим Абайевна