5.03.2021, 12:16
Қараулар: 55
«Жүректен жүрекке»

«Жүректен жүрекке»

Дана халқымыз «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» – деген. Егіндібұлақ ауылында кәсіп ашып, жемісте еңбек етіп отырған жандар қашан да ауылдағы мұқтаж отбасыларға қолдау көрсетіп отырады. Игі іске бір адамдай жұмылатын жергілікті кәсіп иелері «Мектепке жол» акциясы мен қайырымдылық айлығында және басқа да шаралар кезінде белсенді.

Қолында барын елмен бөлісетін «Киргенев» шаруа қожалығының басшысы Қайыржан Есенгелдіұлы, аудандық маслихат депутаты Нұрлыбек Қажымұратұлы, «BRAT M» ЖШС директоры Бауыржан Асқарұлы, «Сүндеткалиев» «Маслов» ШҚ басшылары Айбар Серікұлы мен Вадим Федорович, Дана Қойшыбекқызы, Сахитжан Жақсылықұлы, Гаухар Дәулетқызы, Жанболат Ерсайынұлы сияқты жеке кәсіпкерлер тек отбасылар мен ауыл қарияларына ғана емес, жалпы ауылға деген қамқорлығын көрсетіп келеді.

Наурыз мерекелері қарсаңыңда ауыл әкімі Ринат Ескендіров пен мектеп директоры Маруаш Убаева ауыл қамқоршыларының басын қосып, «Жүректен жүрекке» атты салтанатты жиын ұйымдастырды.

Шара барысында кәсіпкерлерге құрмет көрсетіліп, мақтау қағаздары табыс етілді.

— Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа — жан риза» дегендей мұқтаж жандардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске қол созу әр адамның парызы. «Не берсең де балаға бер» дегн халықымыздың нақылын берік ұстанған жандар қашан да құрметке лайық,-деді ауыл әкімі Р.Ескендіров.

Салтанатты шараға қатысқан зейнеткер, көп балалы ана Орынай Қадырғалиқызы, ата-ана Қайрат Хасанов медбике Зоя Викторовна мен кітапхана меңгерушісі Данагул Тілекқызы да қайырымды жандардың жақсылығын айтып, қашан да оларға құрмет көрсетуге дайын екендерін айтты.

Гульфия ХАСАНОВА,

Егіндібұлақ мектебінің әлеуметтік педагогі