31.05.2021, 10:42
Қараулар: 12
Игі іс жалғасын тапты

Игі іс жалғасын тапты

Ауылдағы тыл ардагерлерін аудандық «Ауыл тынысы» газетіне жаздырған егіндібұлақтық жас кәсіпкері Жанболат Рамазановтың жасаған қызметіне ауыл халқы разы. Оның ісі үлгі десе де болады.

Ауылдасының бастамасын аяқсыз қалдырмаған тағы бір тұрғын Боранбай Рахметов қайырымдылық істі жалғастырып, ауылда тұратын тағы бес зейнеткерді «Ауыл тынысы» газетіне жаздырды.

-Оқу, білім толықтыру, елдегі жағдайды бақылап отыруымыз қажет. Әсіресе, ғаламторға көп таңылмайтын аға ұрпақ үшін газеттің маңызы зор. Ауыл ақсақалдары мен кейуаналарына қарап өсетін балаларымның оқу-білімге және газет-журнал оқуға құштар боп өсуі үшін жерлес зейнеткерлерге газет жазып беруді ұйғардым,-дейді ауыл азаматы Боранбай Рахметов.

Басылымға жазылу науқанында осындай игі істер жалғасын таба береді деген сенімім мол.

Мерует ЕШНИЯЗОВА,

Бәйтерек ауданы,

Егіндібұлақ ауылы