6.09.2021, 15:05
Қараулар: 46
Кітапхана ісі мамандарына ерекше серпін берді

Кітапхана ісі мамандарына ерекше серпін берді

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауын тыңдай алмағаныммен кейінт оқып шықтым. Өз сөзінде мемлекет басшысы мұғалімдердің жалақысы алдағы уақытта да өсетінін айтты. Осы мақсатта бюджеттен қаржы бөлуді де тапсырды.

Қазір ауылдық жерлерде еңбек етіп жүрген тәжірибелі мұғалімдер, толық сағатпен 200-300 мың теңге арасында жалақы алады. Алдағы уақытта да бұл өсе беретін болса, мұғалімдер үшін жақсы өзгеріс. Ел болашағын тәрбиелеп отырған ұстаздар қауымын қашан да қолдап жүрген жөн.

Одан бөлек Қасым-Жомарт кемелұлы 2022 жылдан 2025 жылға дейін мәдениет қызметкерлерінің, мұрағатшылардың, кітапханашылардың, техникалық қызметкерлердің, қорықшылардың, көлік жүргізушілерінің және басқалардың жалақысын жыл сайын орта есеппен 20 пайызға өсіруді тапсырды. Бұл бастаманың игілігін 600 мың қазақстандық көреді екен.

Кітапхана саласында қызмет жасап жүргендіктек бұл жаңалықты өзім де әріптестерім де қуана қарсы алды. Енді салаға жастарды тартып, оларды жақсы жалақымен қызықтыра аламыз. Оның үстіне ауылдық жерге кітапханашы болып келген маман мемлекеттік «Дипломмен ауылға» бағдарламасының игілігін көре алады. Сондықтан биылғы жолдау көп кітапханашыға серпін берді деген сенімдемін.

Жеңісгүл Жаңабаева

Аудандық орталықтандырылған

кітапханалар жүйесінің басшысы