22.02.2021, 14:43
Қараулар: 78
Күміс алқа тақты

Күміс алқа тақты

Бәйтерек ауданы Раздольный ауылының тұрғыны, көп балалы ана Сановар Назарымбетоваға «Күміс алқа» табысталды.

Сановар Рымбайқызы мен жолдасы көпбалалы отбасының отанасы мен отағасы. Жанұяның ұйытқысы, балаларының қамқоршысы болып жүрген Сановар анамызға «Күміс алқаны» аудандық мәслихат депутаты, жұмыспен қамту орталығының басшысы Алексей Герасимов табыс етті.

-Көпбалалы отбасылар еліміздің демографиялық дамуына өз үлестерін қосып жүрген жандар. Заман қиын, жұмыс жоқ деп түлі сылтау айтпай, әр баласына бірдей қарап, жағдайын жасап отырған осындай отбасылар көпке үлгі болулары керек,-дейді А.Герасимов

Көпбалалы анаға құр қол бармаған Алдексей Герсаимов өз атынан отбасын қажетті заттармен қамтамасыз етті.

Түгелбай БИСЕН,

Бәйтерек ауданы