2.06.2021, 11:54
Қараулар: 16
Кәсіпкерлердің қолдауы көп

Кәсіпкерлердің қолдауы көп

Бәйтеректік кәсіпкерлер аудандық «Ауыл тынысы» газетіне қолдан келетін көмегін аяп жатқан жоқ. Әсіресе қайырымдылыққа жаздырып, өздері қызмет етеін ауыл азаматтарына газет тарту ету ісі бір ізге қойылды.

Жуырда белгілі кәсіпкер Мүслім Айтжанов ауданның еңбек ардагерлеріне газет жаздырды. Қолында барымен бөлісіп, көмегін аямайтын кәсіп иесінің бұл ісі көпке үлгі.

-Газет оқырманымен құнды. Ал күн сайын елдегі жақсылықты жария етіп, жетістігімізді отыз рулы елге жеткізетін «Ауыл тынысы» газетінің орын бөлек. Сондықтан да халық жаңалықтан хабардар болып отырсын деген ниетпен ардагерлерді газетке жаздырдым,-дейді кәсіпкер Мүслім Айтжанов.

Түгелбай БИСЕН,

Бәйтерек ауданы