25.03.2021, 9:23
Қараулар: 80
Көшімдіктер қамқорлығы

Көшімдіктер қамқорлығы

Жалпыұлттық «Қайырымды істер марафоны» жобасы бәйтеректе қарқынды жүзеге асып келеді. Игі істен құр қалмаған Көшім ауылдық округінің әкімі аппаратының қызметкерлері ауылдағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып, ол жердегі бүлдіршіндерге сый-сияпат жасады.

Ауыл әкімдігінің сыйлығына разы болған арнаулы қызмет көрсету орталығының басшылығы мен тәрбиеленушілері қонақтарға рахметтерін айтып, өнерлерін көрсетті.

Округ әкімінің орынбасары Исатай Мұғалбаев қайырымдылық шарасын округ әкімдігі мен Көшім бастауыш партия ұйымының белсенділері бірлесе ұйымдастырғанын айтады. Басты мақсат орталық қызметкерлері мен тәрбиеленушілеріне жаңа жылдық көңіл-күй сыйлап, келе жатырған әз-Наурыз мерекесімен құттықтау болыпты.

-Өткен жыл волонтерлар жылы болды. Сол кезде еріктілер қозғалысы жақсы дамып, ауыл жастары біраз игі іс тындырды. Округ аумағындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына сыйлық алуға қол ұшын берген А.Аймешев пен М.Идресовке алғыс білдіремін. Бұндай акциялар әлі де жалғасатын болады,-дейді округ әкімінің орынбасары И.Мұғалбаев.

Түгелбай БИСЕН,

Бәйтерек ауданы