29.03.2021, 9:27
Қараулар: 35
Макаров жастары белсенді

Макаров жастары белсенді

Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай Бәйтерек аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы «30 игі іс» акциясын бастады.

Акцияның мақсаты соғыс ардагерлері, мүмкіндігі шектеулі жандар, сондай-ақ көпбалалы отбасылары мен әлеуметтік осал топ мүшелеріне көмек көрсетіп, қамқорлық таныту.

Жуырда Макаров ауылдық округінің оқушылары акцияға ат салысып, жалғыс басты қарияларға мекен-жайлық көмек көрсетті. Олар қариялардың ауласына үйіліп қалған қарды тазалап, үй шаруаларына қолғабыс етті.

Бүгінде акция барлық ауылдық округ жастары арасында  қолдау тауып, қайырымдылық көмек алған тұрғындардың қатары өсуде. Қар еріп, ауыл көшелерін су басу қаупі де бар. жастар су ағар жыраларды тазартып, арықтар жасауға да дайын екендерін айтады.

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы