14.01.2021, 10:29
Қараулар: 92
Мал қыстағы ойдағыдай

Мал қыстағы ойдағыдай

Өткен жылдың жылдың 1 қарашасында басталған мал қыстауы 2021 жылдың 1 мамырына дейін созылады деп күтілуде. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі мен шаруалармалдың қыстан шығынсыз шығудың қамы қарастыруда.

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметінше, биыл 101 қыстық ұйымдастырылған. Оларға жем-шөп тасуға арналған 110 бірлік техника бөлініпті. Ауа-райының қолайсыздығы мен күрделі жағдайлардың алдын-алатын қосымша техника да жеткілікті.

-Биылғы мал қыстату науқанына әзірлік тыңғылықты жүргізілді. Арнайы 112000 тонна шөп, 27700 тонна жем дайындалып, мал қыстайтын орындарға толық жеткізілді. Бұл азық көлемі мал қыстығын жақсы өткізуге мүмкіндік береді,-дейді ауыл шаруашылық бөлімінің бас маманы Ғалиасқар Мендалиев.

Бүгінде қыстақтағы мал жағдайы жақсы екен. Өлім-жітім байқалмағанын да мамандап атап өтті. Сондай-ақ қыстықтарға барар жолдар да толығымен тазартылған.

Аружан АМАНЖОЛ,

Бәйтерек ауданы