6.04.2021, 9:50
Қараулар: 46
Мейірім етсең-мейірімділік көресің

Мейірім етсең-мейірімділік көресің

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай елімізде «30 игі іс» ұранымен әлеуметтік қайырымдылық іс-шаралары ұйымдастырылуды. Бұл шараның негізгі мақсаты — жалғызбасты зейнеткерлер мен ардагерлер, әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасыларға, сондай-ақ өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарға қолдау білдіріп, көмек көрсету.

«Балам дейтін жұрт болмаса-жұртым дейтін бала қайдан шықсын!»,- деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, өркениетке бет бұрған қазіргі кезеңде дамитын ел дарынды ұландарынан көп үміт күтеді. Балалардың мерейін өсіріп, ертеңгі күнге берік сенімін қалыптастыру барысында ауыл халқы бұл игі істерді балалардан бастауды жөн көрді.

Ауқымды шара барысында округ әкімі А.Жумагалиев пен Январцев мектебінің директоры А.Есмаков бастамасымен ауыл балаларына қолдауын аямайтын демеушілерге қолдау көрсетілді

Бүгінде ауылда жүрегіндегі жылуы мен қолындағы барын балалардан аямайтын жомарт жандар жетерлік.

Қамқорлықты қажет етітін отбасы балаларын «Заман» ЖШС директоры А.Жангалиев қашан да қолдауға әзір. Ол 10 оқушыны планшетпен қамтамасыз етсе, «Алтынбидай» ШҚ басшысы Б.Мукашев 5 планшет, «Перспектива КАН» ЖШС басшысы Н.Карин 5 планшетпен тарту етті. Сонымен қатар «Байстон» ЖШС басшысы О.Измалкова 15 оқушыға, «ЗКИТУ» ЖШС директоры А.Базымова 5 оқушыға, «Береке» ЖШС директоры К.Айдаров 15 оқушыны мектепке қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етті. Бұнымен қоса, «Керемет» ШҚ басшысы Ж.Черниязов ШҚО орналасқан спортқа дарынды балаларға арналған мектеп-интернатына баратын 4 оқуышының жол шығынын өтеп берді. Жалпы Январцев кәсіпкерлері ауыл мектебіне 900 мың теңгеден астам қаржыға демеушілік жасаған.

Бұдан бөлек Красноармейск, Кирсанов, Чинарев елді мектептері де демеушісіз емес. Аталған мектептерде оқитын 10 оқушыға «Орал Ойл» ЖШС директоры И.Алиагаев, 5 оқушыға «Керемет» ШҚ басшысы Ж.Черниязов, «Миргалиев» ШҚ басшысы Н.Миргалиев 5 оқушыға, «Любимый» ЖК басшысы О.Кадаева 2 оқушыға, «Салық» ЖК басшысы С.Мендыгазиев 3 оқушыға, «Мергалиев» ШҚ басшысы А.Мергалиев 2 оқушыға, «Надежда» ЖК басшысы Н.Голубенко 2 оқушыға жалпы соммасы 300 мың теңгеден асатын оқу құралдын тарту етті.

Жалпы округ кәсіпкерлері миллион теңгеден астам қаржыға қайырымдылық көрсетті

Айшабибі МҰСТАФАҚЫЗЫ,

Январцев мектебінің әлеуметтік педагогы