8.09.2021, 9:29
Қараулар: 25
«Мектепке жол» әлі де жалғасады

«Мектепке жол» әлі де жалғасады

Өткен айда бастау алған республикалық «Мектепке жол» акциясы биыл жыл бойына жалғасады. Осы кезге дейін Бәйтерек ауданының атымтай жомарт азаматтары 414 балаға көмек көрсеткен. Игі іске 2 миллион 303 мың теңге жұмсалыпты. Бұл ақпаратты бізге аудандық білім беру бөлімі берді.

Білім бөлімінің бас маманы Сәуле Мұқанованың айтуынша, осы кезге дейін акцияға негізінен мұғалімдер мен демеушілер белсенді атсалысқан екен.

-Әдеттегідей биыл «Киргенев» шаруа қожалығының басшысы Қайыржан Есенгелдіұлы белсенді көмек көрсетуде. Ол Шоқан Уәлиханов атындағы мектепте оқитын 15 балаға 300 мың, Зеленый мектебінің 34 оқушысына 321 мың, Ілияс Есенберлин атындағы мектептің 12 оқушысына 122 мың, Қасым Қайсенов атындағы мектептің 22 оқушысына 234 мың, Егіндібұлақ мектебінің 12 оқушысына 267 мың теңгеге көмек көрсетті. Алдағы уақытта ауданның басқа да кәсіпкерлері мұқтаж отбасыларға көмек көрсетеді деген сенімдеміз,-дейді аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Сәуле Мұқанова.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы