12.04.2021, 10:14
Қараулар: 48
«Менің аулам-менің бағым» жобасы басталды

«Менің аулам-менің бағым» жобасы басталды

Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған «Менің аулам — менің бағым» жобасы басталғалы Бәйтерек ауданында 12 адам оған қатысуға ниет білдіргенін жазған болатынбыз. Осы күні бизнес жоспарын құрып, оны сәтті қорғаған жоба қатысушылары келісім-шартқа қол қойып, жеміс ағаштарының өскіндерін алды.

Енді оларды егіп, баптайтын болады. Жоба ережесіне сай жаңа кәсіпке бет бұрған тұрғындар өңірімізге танымал бағбан Қайрат Кәрімовтен сабақ алып тұратын болады.

-Ауданда ағаш егіп, ауласын, ауылын гүлдендірсем деген ниеті бар жандардың Бәйтерек ауданында көп болғаны қуантады. Күні кеше жаңа шаруаға бет бұрған азаматтар келіп, келісім-шарт жасасты. Тал егіп, болашақ ұрпаққа жасыл желек қалдырсам деген жандардың істі жүргізуге деген ниеті бар. Барлығы өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, білмегенін сұрап жатты. Бұл жоба ауданда сәтті жүзеге асады деуге болады,-дейді бағбан Қайрат Кәрімов.

Түгелбай БИСЕН,

Бәйтерек ауданы