25.03.2021, 9:39
Қараулар: 37
Наурыз тойындағы тарту

Наурыз тойындағы тарту

Наурыз мерекесі күні Бәйтерек ауданы, Рубежка ауылдық окрігінің шаруа қожалықтары мен мекеме қызметкерлері жалпыұлттық«Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында ауылда тұратын мұқтаж отбасыларға қолұшын беріп, қайырымдылық жасады.

Қайырымдылық шарасы барысында ауылдағы барлық мекемелер мен ұйым қызметкерлері және «Рубежка» шаруа қожалығы ауыда тұратын он шақты отбасыға мерекелік тарту-таралғылар табыс етті.

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында күтпеген сыйлыққа ие болған отбасылар қамқоршыларға ризашылықтарын білдіріп, наурыз тілектерін жолдады.

Айта кету керек барлық шаралар санитарлық нормалардың қатаң сақталуымен жүзеге асты.

Гүлжан АЯЗБАЕВА,

Бәйтерек ауданы