10.01.2022, 11:16
Қараулар: 23
Отандастырымды бейбітшілікті қорғауға, татулығымызды нығайтуға шақырамын

Отандастырымды бейбітшілікті қорғауға, татулығымызды нығайтуға шақырамын

Ауданымыз бен облысымызда зорлық-зомбылық пен бұзақылық болмады. Десе де, тұрғындар бірқатар мәселелерге тап болды. Негізінен көпшілік интернеттің ажыратылуы мен көтерме және бөлшек сауда орындарында электронды есеп алмасудың болмауынан қиналды. Облыс, аудан басшылығы азаматтарға ыңғайлы жағдай жасау жолында бірқатар шаруа атқарды. Бірақ кей өңірлердегі бұзақылардың агрессивті әрекеттері көптеген қиындық тудырды.

Осындай қиын шақта елмен бірге екенін іспен көрсетіп, қажетті кезінде үндеуін жариялап отырған Президент үндеуін жібермей тыңдадым. Қасым-Жомарт Тоқаевтың демократиялық бағытын мен осы күнге дейін қолдап келдім. Өзінің соңғы үндеуінде мемлекет басшысы алға қойған міндеттердің уақтылығы мен айқындығын атап көрсетті.

Соңғы күндері қой терісін жамылған қасқырдай болып оңтүстік астанымыз бен кей қалалардың тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерінің жұмысын тоқтатып, тонаумен айналысқан бұзақылардың бассыздығына куә болдық. Уақтылы қабылданған батыл шешімнің арқасында елімізде тыныштық орнап, көп адам қалыпты өміріне орала бастады.
Үкімет қайтыс болғандардың отбасыларына өтемақы төлейді. Бұл да ең оңтайлы және уақтылы шешім.

Бірінші кезекте жастарды және барша отандастарымды бейбітшілікті қорғауға, татулығымызды нығайтуға шақырамын.

Исатай Мұғалбаев
спорт ардагері