7.07.2021, 16:38
Қараулар: 17
Партия алғыс хаты табыс етілді

Партия алғыс хаты табыс етілді

Астана күні мерекесіне орай «Nur Otan» партиясы Бәйтерек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бибигүл Ахметжанова «Ауыл тынысы» қоғамдық-саяси газетінің ұжымын кәсіби мерекемен құттықтады.

Сондай-ақ қоғамдық пікір қалыптастыратын ақпарат саласында ұзақ жылдар бойы еңбек етіген, газеттің жауапты хатшысы Николай Берендяевқа «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы төрағасының орынбасары Мұрат Мұқаевтың алғыс хатымен марапаттады. Сонау 1999 жылы «Отан» партиясы құрылған кезде оның бастауында тұрған Николай Михаиловичтің партия ісіне қосқан үлесі аз емес. Содан бері тәжірибелі журналист мемлекеттік ақпараттық саясаттың жүргізілуіне өзіндік үлесін қосып келеді. Оның мақалалар мен ойтолғамдары көпшілік арасында үлкен толқыға түсіп, аудан азаматтарының қызығушылығын оятуда.

-Баршаңызды өткен төл мерекелеріңізбен құттықтаймын. Тілшілер — ұлт мұддесін биік қойған, мемлекет пен қоғам арасында алтын көпір болып табылады. Осы ретте, ауданымыздың өркендеуіне үлес қосып, оқырмандар қауымы үшін атқарып жатқан ерең еңбектерің үшін партия атынан алғыс білдіреміз. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық шабыт тілеймін, — дейді Бибигүл Ахметжанова.

Аружан АМАНЖОЛ,

Бәйтерек ауданы