17.06.2021, 15:49
Қараулар: 25
Полиция сақадай сай

Полиция сақадай сай

Бәйтерек ауданының орталығы Переметный ауылында анти-террорлық оқу-жаттығуы ұйымдастырылды.

Полиция бөліміне сағат 14:45-те хабарлама түсіп, белгісіз тұлғалардың Камен мектебінде адамдарды кепілге алғандығы туралы айтылған. Мектеп аумағы аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен шұғыл қоршауға алынды.

Аудандық жедел штабтың террористік қауіп-қатерге дайындығын тексерген шара сағат 16:30-да аяқталды.

Облыстық терроризмге қарсы орталық өкілдері дайындық барысын қанағаттанарлық деп бағалады.

Арал БОЛПЫШҰЛЫ,

Бәйтерек ауданы