2.09.2021, 16:12
Қараулар: 31
Полиция қамқорлығы

Полиция қамқорлығы

Биылдан бастап жыл бойына жалғасатын «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы Бәйтерек ауданынының қайырымды жандары арасында үлкен қолдау тапты. Жуырда аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері белсенділік танытып, бір топ оқушыға қажетті құрал-жабдықтар алып берді.

Акция аясында тәртіп сақшылары Переметный, Көшім, Үлкен-Шаған, Белес, Железнов ауылдық округтерінде тұратын көпбалалы, аз қамтылған отбасыларында тәрбиеленетін оқушыларды оқу құралдарымен қамтамасыз етті.

-Жалпы полиция қызметкерлері 10 отбасыға көмек көрсетті. Дәстүрге айналған «Мектепке жол» акциясы арқылы көпшілікті балаларға қамқор болып, көмек көрсетуге шақырамыз. Жаңа оқу жылында барлық аудан оқушыларына полиция бөлімі атынан сәттілік тілейміз, — дейді дейді жергілікті полиция қызметінің басшысы, полиция майоры Азамат Жұмағұлов.

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы