25.03.2021, 9:26
Қараулар: 45
Полиция қамқорлығы

Полиция қамқорлығы

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай бастау алған жалпыұлттық «Қайырымды істер марафоны» жобасы ауданның барлық ауылдық округтерінде қолдау тауып, игі істер жарысын аудан орталығындағы бөлімдер мен мекемелер де жалғастыруда.

Наурыз мейрамына орай Бәйтерек ауданының полиция бөлімінің басшылығы мен тергеу және анықтау бөлімшелерінің қызметкерлері Переметныйдағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып, қамқорланушыларын көктем мерекемен құттықтап, оларға құрмет көрсетті.

Полиция қызметкерлері мекемедегі қариялар мен кейуаналар халдерін сұрап, жағдайларымен танысты. Сондай-ақ азық-түлік себеттері мен жаңа перделер сыйлады.

-Қайырымдылық жақсылық жасауға ұмтылдыратын – іс. Құқық қорғау қызметкерлері де арнаулы мекемедегі — қарияларымызды елеп, оларға қамқорлық көрсетуді қолға алды. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің, ата-әжелеріміздің атынан полиция бөлімінің ұжымына зор алғысымызды білдіреміз,-дейді мекеме басшысы Альберт Талпахов.

Аружан АМАНЖОЛ,

Бәйтерек ауданы