21.05.2021, 15:12
Қараулар: 31
Сақтықты ұмыту ауруды өршітеді

Сақтықты ұмыту ауруды өршітеді

Бәйтерек ауданында эпидимологиялық ахуал тұрақталар емес. Аудандық санитарлық-эпидимиологиялық қадағалау басқармасының мәліметіне сүйенер болсақ, ауру жұқтырғандардың саны азаймай отыр екен.

Жаңартылған статистика бойынша қазір ауданда барлығы 489 адам індет жұқтырған. Олардың 379-ы симтомды болса, 110-ы симтомсыз.

-Ауданда Covid-19 вирусын жұқтырған 65 науқас ауруханада ем алуда. Қалған 424-і үй карантиніне оқшауланған. Науқастар санының артуы санитарлық талаптарға салғырттық танытудың нәтижесі болып отыр. Сақтықты естен шығару, індетті қайта өршітуі мүмкін,-дейді аудандық санитарлық-эпидемиологиялық кадағалау басқармасының басшысы Аят Умбеталиев.

Аружан АМАНЖОЛ,

Бәйтерек ауданы