7.06.2021, 11:37
Қараулар: 12
Спорт ардагерлерін газетке жаздырды

Спорт ардагерлерін газетке жаздырды

Ардагерлерге тегін газет жаздыру үрдісіне бәйтеректік спортшылар қосылды.

Егіндібұлақ және Зеленый ауылдарының жастарынан құрылған «ЖасылЕгін» футбол командасының мүшелері қаражат жинап бес спорт ардагерін аудандық «Ауыл тынысы» газетіне  жаздырды.

Команда жетекшісі Замир Сакпусунов осы ісі арқылы команда мүшелері алдынғы буын спортшыларына деген құрметін көрсеткісі келгенін айтады.

-Командамыздың құрылғанына көп уақыт өтпеді бірнеше жарысқа шығып, өз шеберліктеріміз шыңдап жүрміз. Жетістіктеріміз аудандық газет бетінде жарық көреді. Аға буын спортшылары артынан ерген ойыншылардың қол жеткізген жеңістері мен аудандағы басқа жажаңалықтардан хабардар блып отырсын деген ниетпен спорт ардагерлерін газетке жаздырдық,-дейді З.Сакпусунов.

Ауылдық окуг әкімі Ринат Ескендіров те жас спортшылардың игі ісі көпке үлгі екенін айтады.

-Жазылу науқаны басталған шақта команда мүшелрі келіп, осындай ерекше көмек көрсеткісі келетін айтты. Жастарымыздың қайырымдылыққа құмар боғаны қуантады. Бұдан бөлек кәсіпкерлеріміз де зейнеткерлер мен тыл еңбнеккерлерін газетке жаздыруда. Бұндай игі істер ауданның басқа да округтерінде жалғасса екен,-дейдіі округ әкімі Ринат Ескендіров.

Түгелбай БИСЕН,

Бәйтерек ауданы