10.06.2021, 9:58
Қараулар: 8
Суға шомылғанда сақ болыңыз

Суға шомылғанда сақ болыңыз

Бәйтерек ауданы төтенше жағдайлар бөлімі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп суда жүзу кезіндегі қауіпсіздік ереже бойынша рейд шаралар өткізуде. Рейд барысында жадынамалар таратылып, суда жүзу кезінде қойылатын талаптар түсіндірілуде.

Төтеншеліктер суға шомылушыларды төменде көрсетілген қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.

1. Алғашқы жүзуді 18°-20°су температурасында тыныш күн шуақты ауа-райында бастаған дұрыс..

2. Күніне екі рет – таңертең және кешке, белгілі қауіпсіз немесе арнайы бөлінген жерлерде шмылу керек.

3. Суға шомылу үшін таңдалған жердегі су мөлдір, түбі таза, су асты тастарынсыз, қадаларсыз, шұңқырларсыз болғаны жөн.

4. Жалғыз шомылудан аулақ болу керек, өйткені қиын жағдайда көмек көрсететін адам болмай қалуы мүмкін.

5. Ешқашан ешкімді суға итермеңіз, әсіресе күтпеген жерден, өйткені бұндай сәтсіз әзіл суық суға өте сезімтал адамдардың өліміне әкелуі мүмкін.

6. Суға арнайы бөлінген және жабдықталған орындарда ғана түсуге болады.

7. Мас күйінде шомылу және жүзу өте қауіпті.

8. Тақталармен, бөренелермен, үрленген резеңке автомобиль камераларымен және үрленетін құралдармен шомылу және жүзу де қауіпті.

Бәйтерек аудандық ТЖ бөлімі