16.06.2021, 9:40
Қараулар: 29
Түлектер ауыл маңын тазалады

Түлектер ауыл маңын тазалады

Бәйтерек ауданы Зеленый мектебінің түлектері аттестаттарын алысымен басқа оқушылардай той тойлап, думан қуып кетпеді. Олар жау киімдерін киіп, ауыл маңындағы өзен жағасын қоқыстан тазалауға кірісті.
«Аялайық табиғатты бәріміз» акциясына жұмылған түлектердің бастамасы сынып жетекшісі мен білім ошағының бақа да ұстаздары тарапынан қолдау тапты.
-Биыл түлектеріміздің ішінде екі «Алтын белгі» иегері бар. Олар – Балнұр Самат пен Аида Сағынаева. Игі бастама көтеріп, думанды кештен бас тартып, ауылына пайдасын тигізсек деген түлектеріміздің бастамасы қуантты. Енді бұндай акцияларды ауыл жастары да қолдайды деген сенімдеміз. Тазалық шарасына белсенді қатысқан ұстаздар мен түлектерге ризашылығымыз шексіз,-дейді мектеп директоры Мерхан Есенғалиев.

Түгелбай БИСЕН,

Бәйтерек ауданы