11.06.2021, 18:03
Қараулар: 41
«Тұрмыс» жедел-профилактикалық шарасы өтуде

«Тұрмыс» жедел-профилактикалық шарасы өтуде

Бәйтерек ауданының полиция бөлімі аудан аймағында отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.

Аталған шара «қолайсыз отбасы», «маскүнем» және «нашақор» санаттарындағы жанұяларды анықтап, отбасылық-тұрмыстық жағдайында орын алған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және бұрын сотталған адамдарды тұрғылықты жерлері бойынша тексеріп, прафилактикалық жұмыстар жүргізу мақсатында оздырылуда.

-«Тұрмыс» жедел профилактикалық шарасы аясында аудандық полиция бөлімі арнайы жұмыс тобын құрып, іс-шараны өткізу жоспарын бекіткен болатын. Шараға барлығы 17 қызметкер атсалысуда. Олардың ішінде жергілікті полиция қызметкерлері, полиция бөлімінің өзге қызметтерінің мамандары, мемлекеттік органдар және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері бар. Іс-шара маусым айының он алтысына дейін созылады, -дейді Бәйтерек ауданы полиция бөлімінің учаскелік инспекторы, полиция подполковнигі Бердібек Төлеуғалиев.

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы