1.06.2021, 17:07
Қараулар: 15
Тәуелсіздіктің төл құрдасы

Тәуелсіздіктің төл құрдасы

Биыл тәуелсіздіктің отыз жылдығымен жарыса 1991 жылдың ұл-қыздары да отызға толады. Ең қызығы тәуелсіздік құрдасымен сұхбаттасайық деп ауылымызды іздей бастағанда, Егіндібұлақта ордалы отызды еңсерген бір тұрғын табылды. Ол бастауыш сынып мұғалімі Камшат Бақытжанқызы.

Казталов ауданы, Көпкүтір ауылында дүниеге келген, ол бала кезінен елгезек, пысық, өлең шығаруға жаны құмар боп өскен. Өсе келе ұстаздық жолды ьаңдапты. Бүгінде Камшат Каракулова Егіндібұлақ еңбек етеді. Оның жолдасы Сержан Телманұлы да ұстаз. Сегіз жылдан бері ауылда еңбек етіп келеді.

Ұстаздар отбасы қазірде бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отыр. Түрлі шараларға белсене қатысатын үлгілі отбасы. Отбасы ұйытқысы, аяулы ана, адал жар, ибалы келін, ұлағатты ұстаз сынды қасиеттерді бойына жинақтаған Камшат Бақытжанқызын нағыз тәуелсіздік құрдасы деп ұялмай мақтанышпен айта аламыз. Өйткені оның сабақтары қызықты, шәкірттері алғыр.

Мерует ЕШНИЯЗОВА,

Бәйтерек ауданы,

Егіндібұлақ ауылы