27.05.2021, 9:48
Қараулар: 68
Тәуелсіздік тұғырын қалаған боздақтар

Тәуелсіздік тұғырын қалаған боздақтар

Дариян ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алуға арналған «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты виртуальды кездесу сағат өтті.

Шара басында сөз алған кітапханашы Динара Ғизатова жаппай қуғын-сүргін кезінде жазықсыз жаза жабылып, атылып кеткен бозжақтарымыз туралы ойымен бөлісіп, олардың өмірбяндары мен шығармашылық жолы кеңінен баяндады.

Ұлтымыздың санына да, сапасына да ауыр соққы болып тиген. Қасіретті күндерді ұмытпау, олардың қайталануына жол бермеу әр саналы азаматтың борышы.Отызыншы жылдарда бабаларымыздың көп қудалануы, жазалауға ұшырауы осыған дәлел бола алады. Жазықсыз жапа шеккендер тарихымызда ,халқымыздың есінде мәңгілік сақталып, оның құпия сырларының ашыла түсетініне сенімдіміз. Жыл сайын өскелең ұрпақ жиындарда, түрлі шараларда өткенін зерделейді, құрбандар ерлігін ұмытпайды,-Динара Ғизатова.

Лайв режимінде өткен тағылымды кездесу барысында боздақтар туралы Дариян ауылдық кітапханасының кітапханашысы Любовь Ивашкова бір үзік сыр шертіп, «Азалы кітаптың» құндылығы жөнінде толығырақ мәлімет берді. Сондай-ақ кітапхананың тұрақты оқырмандары Александр Огородников пен Асылай Көпжанова режимнің құрбаны болған жайында өлеңдерін оқып, олардың рухына тағзым етті.

Гүлжан АЯЗБАЕВА,

Бәйтерек ауданы