12.05.2021, 10:57
Қараулар: 99
Шекарашылар игі істен шет қалмауда

Шекарашылар игі істен шет қалмауда

Ел президенті жариялаған «Қайырымды істер марафоны» жобасына әскерилер де өз үлестерін қосуда.

Жуырда Бәйтерек ауданы Краснов ауылдық округі маңындағы «Махамбет» шекара бөлімшесінің жеке құрамы, Погодаев ауылында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Владимир Шкуратов пен ауылдағы тыл еңбеккерлеріне сыйлық жасап, материалдық көмек көрсетті.

Бұдан бөлек шекарашылар округ орталығы абаттандыру жұмыстарына да белсенді араласуда. Олар елді мекен ішіне 120 түп ағаш екті.

-Ел ішінде болған соң халықпен тығыз байланыс орнатуымыз керек. Оның үстіне осы ауылда тұрғандықтан оның гүлденіп көркеюіне де барынша үлес қосқанымыз дұрыс. Болашақта қайырымдылық акциялары мен ауылды абаттандыру ісіне белседі араласатын боламыз,-дейді «Махамбет» шекара бөлімшесі бастығының орынбасары капитан Нұрлыбек Бегалин.

Түгелбай БИСЕН,

Бәйтерек ауданы