24.06.2021, 12:23
Қараулар: 35
Шылымды алмаға ауыстыр

Шылымды алмаға ауыстыр

Бәйтерек аудандық ауруханасының психологі Юлия Яфарова аудан орталығындағы колледж ұстаздары, волонтерлар мен студенттері аудандық аурухана жанынан құралған «Жігер» жастар денсаулық орталығы бірігіп, нашақорлық пен темекі шегудің алдын алу айлығы аясында «Марафон здоровых привычек» атты іс-шара ұйымдастырды.

Марафон барысында студенттер мен еріктілері «Біз темекі шегуге қарсымыз» ұранымен аудан орталығындағы қоғамдық орындарды аралап, ауыл тұрғындары мен қонақтарына темекі шегудің зияны туралы түсінік жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ тұрғындарға шылымды алмаға алмастыру туралы ұсыныстарын айтты. Көп адам жастардың бастамасына қолдау танытып, темекінің алмаға ауыстырып жатты. Болашақта аталған акция тағы да өтетін болады.

-Никотинге тәуелділік — тек психологиялық сипаттағы проблема. Адамдардың көпшілігі шылым шеге отырып, стресстен құтыламын деп ойлайды. Күн сайын темекі шегетіндерге болашақта зиянды әдеттен айырылу қиынға соғады. Сондықтан біздің шарамыздың басты мақсаты аудан тұрғындары арасында шылымқорлықтан саналы түрде бас тарту дағдыларын қалыптастыру. Адам ағзасына шылымқорлықтың зиянды әсері түсінік беру арқылы, саналы ұрпақтың ер жетуіне септігімізді тигізу,-дейді аудандық аурухананың психолог дәрігері, «Жігер» жастарденсаулық орталығының басшысы Яфарова Юлия Яфарова.

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы