2.03.2021, 9:48
Қараулар: 60
Іскер әйелдер қайырымдылық жасады

Іскер әйелдер қайырымдылық жасады

«Алғыс айту» мерекесіне орай «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы мен Бәйтерек ауданынының іскер-әйелдер кеңесі қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

Айтулы күні кәсіпкер әйелдер көпбалалы отбасылар мен ҰОС ардагерлері Макар Дорошенко үйіне барып, оларды мейраммен құттықтап, қайырымдылық көмек көрсетті.

Игі іске атсалысқан Жанна Нургалиева, Алмагуль Местная, Асель Ижанова сынды кәсіп иелері қажетті тамақ өнімдері бар себеттер ұсынса, жеке кәсіпкер Айсұлу Сапиева кондитер өнімдерін, Татьяна Кузнецова, Сәуле Мендалиева, Елена Стребкова шаш қиюға арналған сертификаттар, «Bilim Alu» оқу орталығының басшысы Диляра Бекталиева көпбалалы отбасы балаларына ағылшын тілін тегін оқуға мүмкіндік сыйлады. Бұнымен қоса, «Ценральный» супермаркетінде тұрақты түрде «Қайырымдылық сөресі» ашылды.

-Алғыс айту күні – Қазақ елінің бейбітшілігімен келісім саясатының символына айналды. Бұл күні біз алғыс білдірумен ғана шектелмеуіміз керек деп санаймын. Осындай кезде бастамамызға қолдау білдірген кәсіпкер-әйелдерге ризашылығымды білдіргім келеді, — дейді «Атамекен» ҰК палатасының Бәйтерек аудандық филиалының директоры Әсел Карткужакова.

Аружан АМАНЖОЛ,

Бәйтерек ауданы