6.05.2021, 10:32
Қараулар: 30
Қадірі олар үшін тым қымбат

Қадірі олар үшін тым қымбат

Жеңіс күні – бейбітшілікті сүйетін бүкіл адамзаттың қасиетті де қастерлі мерекесі .Ұрпағына үлкен мереке сыйлаған майдангерлеріміз бен соғыс кезінде еселі еңбек еткен тыл ардагерлері қашан да ерекше құрметке лайық. Соғыс жылдары ел үшін от кешкен ерлер мен Отан үшін, жеңіс үшін, майдан үшін еңбек еткен жандарға құрмет көрсету баршамызға міндет.

Бәйтерек ауданына қарасты Сұлу көл ауылында жеңісті жақындатқан 9 тыл ардагері тұрады. Мереке қарсаңында бейбіт өмір үшін сүбелі үлес қосқан еңбеккерлерге арнайы барған ауыл әкімдігі мен клуб қызметкерлері және «Алтын бидай» шаруа қожалығының басшысы Бекболат Мұқашев оларға сый – сияпат жасап, құрмет көрсетті.

Жеңісті жақынжатқан қариялар мен кейуаналар еңбегін бағалайытын өмірін өнгеге балайтын ұрпақ барда ұмытылмайды.Туған өлкенің ардагерлерінің ісі ұрпаққа үлгі. Жеңіс күнінің қадірі адамзат үшін қымбат. Елімізде бейбіт күн болсын!

Гүлжан АЯЗБАЕВА,

Бәйтерек ауданы