25.03.2021, 9:52
Қараулар: 42
Қайырымдылық жасап жарысуда

Қайырымдылық жасап жарысуда

«Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы Бәйтерек ауданына қарасты Краснов ауылдық округінде де қолдау тапты.

Округ әкімі Жұмабай Сатаев және жергілікті кәсіпкерлер мен бюджеттік сала қызметкерлері ауылда тұратын мұқтаж отбасыларға барып, азық-түлік себеттерін тарту етті. Көршілерінің ісін Махамбет ауылдық округінің әкімдігі мен кәсіпкерлері де жалғады. Олар да округ аумағында тұратын отбасыларға қолдау көрсетті.

Ел президентінің өзі бастаған жобаға тек округ әкімдіктері мен кәсіпкерлер ғана емес, ұстаздар қауымы да белсенді қатысуда. Жуырда Макаров орта мектебінің мұғалімдері ауылдағы материалдық көмекті қажет ететін отбасыларды қуантты.

Сонымен қатар қайырымдылық акциясын егіндібұлақтық ағайын да қолға алып, ауылдағы екі отбасыға азық-түлік себеттерін тарту етті.

Түгелбай БИСЕН,

Бәйтерек ауданы