10.06.2021, 14:44
Қараулар: 9
Үздік медқызметкер анықталды

Үздік медқызметкер анықталды

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Бәйтерек аудандық орталық ауруханасы «Признание пациента» атты онлайн байқауы ұйымдастырды.

Ауданданда ұзақ жылдар бойы халық қамы үшін қызмет етіп жүрген ақхалаттылар арасында өткен онлайн байқаудың мақсаты пациенттердің пікірлеріне сүйене отырып үздік маманды анықтап, халықтың медицина мамандарының қызметі жайында ойымен танысу болды.

Байқау аудандық аурухананың инстаграм парақшасында оздырылды. Парақшаға әр қатысушы дәрігер мен медбике туралы арнайы ақпарат жүктелді. Оған тұрғындар лүпіл басып, маман туралы пікірлерін қалдырды.

Қорытындысында жоғары дәрежелі маман, үшінші терапия бөлімнің медбикесі Гүлмира Джумагулова жеңіске жетті. Дәрігердің кандидатурасы облыстық байқауға қатысуға ұсынылды.

Аружан АМАНЖОЛ,

Бәйтерек ауданы