2.03.2021, 10:01
Қараулар: 57
Ұры алысқа қашпады

Ұры алысқа қашпады

Өткен апта соңында Бәйтерек ауданы Трекин ауылдық округіне қарасты «Новь» саяжайындағы А. Розенбергке тиесілі үйдің терезесі арқылы кірген белгісіз азаматтар есікті іштен ашып, ондағы теледидар, су қыздырғыш, видеоплеер және диванды қолды қылған.

Burglar

Оқиға орнына бірден учаскелік полиция қызметкерлері Б. Қуатов пен К. Турсынгалиев және жедел уәкіл А. Есенов пен Е. Сисенгалиев барған. Құқық қорғаушылардың жедел әрекетінің арқасында алдымен ұрланған заттарды тасымалдаған көлік анықталған. Тез арада машина иесінің мекенжайына барған полицейлер ұрының да ізіне түсіпті. Үйді үптеген жан сол саяжайдың «К» есімді тұрғыны болып шықты. Ұры саунада демалып жатқан жерінде қолға түсті. Қолды болған заттар табылды. Қазіргі таңда К-ның басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Оның үстінен қылмыстық кодекстің 188 бабының 3 тармағы бойынша іс қозғалды.

Ақпарат аудандық полиция бөлімінің инстаграм парақшасынан алынды

 

 

Түгелбай БИСЕН,

Бәйтерек ауданы