20.05.2021, 14:48
Қараулар: 30
Өзен жағаларын тазартты

Өзен жағаларын тазартты

Қоршаған ортаны ластанудан қорғау мақсатында аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы «Таза жағалау» акциясы ұйымдастыруда. Акцияға аудан жастары мен еріктілер қозғалысының мүшелері белсенді қатысып, ауданда орналасқан су айдындарының аумағында тазалық жұмыстарын жүргізуде.

Жастар өзен, көл жағалауларын қоқыстан, тұрмыстық қалдықтардан тазартып, жиналған қоқырды арнайы техника көмегімен қоқыс орындарына тастап жатыр.

-Акцияның мақсаты қоршаған ортаның ластануына жол бермеужәне көпшілікт экологиялық тазалыққа шақыру. Аталған акция Мичурин, Трекин, Сұлукөл ауылдары мен Октябрьское елді мекенінде ұйымдастырылып, жастар белсенді қатысты. Алдағы уақытта тазалық жұмыстар өз жалғасын таппақ, — дейді жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Жанар Асылбекқызы.

Жиналған қоқыстың көп бөлігі шыны ыдыстар мен плактикалық бөтелкелердің болғанын айтқан ұйымдастырушылар аудан тұрғындары мен демалушыларын қоршаға жанашырлық танытуға шақырады. Көктем келіп, табиғат аясында демалушылар көбейді. Сол себепті әр азамат өзі отырған орынды жинап, қоқыстарын лақтырмаса екен.

Аружан АМАНЖОЛ,

Бәйтерек ауданы