6.04.2021, 9:28
Қараулар: 33
12 тонна қоқыс шығарылды

12 тонна қоқыс шығарылды

Көктем келіп, қар астынан неше түрлі қалдық шығып, ауыл айналасының сәнін кетіруде. Бүгінде «целован бәйшешектер» барлық жерде қылаң бергені жасырын емес. Осындай жағдай Бәйтерек ауданына қарасты Мичурин ауылында да орын алды. Ауыл айналасының көркі кетіп жатқанына шыдамаған округ әкімдігі сенбілік ұйымдастырды. Оған туған жерінің таза болғанын қалайтын 15 адам қатысты.

Ауыл әкімі Максим Мусалимов ауыл тұрғындары сенбілікке белсенді қатысқанын айтады. Тұрғындар округ аумағымен өтетін Самара-Шымкент тас жолының бойы мен Асан ауылындағы қоқыс орын тазалапты.

-Сенбілік барысында 12 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Оған арнайы камаз автокөлі мен тиеуш трактор жұмылдырылды. Алдағы уақытта бұл бастама жалғасатын болады,-дейді округ әкімі М.Мусалимов.

АТ ақпарат