12.04.2021, 9:44
Қараулар: 36
700 теңгеден 600-ге түсті

700 теңгеден 600-ге түсті

Өткен апта оңында бірден 30 теңгеге қымбаттаған бензин Переметный-Орал бағытында жүретін такси бағасының 500 теңгеден 700 теңгеге өсуіне әкеп соқты. Бұл жайт жол жүрген жұртқа жаға қоймады.

Сәуірдің тоғызы күні аудан әкімінің орынбасары М. Залмұқанов, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Д. Кушубаев, қоғамдық кеңес төрағасы М, Өтешев, аудандық мәслихат депутаттары В. Старобудец, В.Герасимов және Ә.Неталиева такси жүргізушілерімен кездесті.

Кездесу барысында бір ғана сұрақ көтерілді. Ол такси бағасын түсіру. Қызу талқылау соңында жүргізушілерге жолаушылар мен жүк тасымалдаудан түсетін кірістер мен шығыстары туралы есеп ұсынылды. Қорытындысында Переметное-Орал бағыты бойынша жүретін такси құны 700 теңгеден 600 теңгеге түсті.

ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидалары» туралы №349 бұйрығы негізінде такси қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлерге қолданыстағы заңнамаға сәйкес көлік құралдарын жабдықтау және ресімдеу және жолаушыларды отырғызу мен түсіру аялдама пунктін тиісті жағдайда ұстау керектігі де түсіндірілі.

Жиын соңында кәсіпкерлер аялдама жанын тазалықта ұстайтындығын және де негізсіз баға өсірмейтіндігін айтты.

Түгелбай БИСЕН,

Бәйтерек ауданы